Цифрландыру және автоматтандыру

Цифрландыру және автоматтандыру

2021 жылғы маусымнан бастап Blockchain технологиясын қолдана отырып, «Қазақстанның Фридом финанс банкі» АҚ базасында банктік кепіл шарттарды тіркеу қызметі автоматтандырылды (ҚР ӘМ 2021 жылғы 15 маусымдағы №503 бұйрығы).

Қазіргі кезде осы бағытта өзара байланысу бойынша жұмыстар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Альфа банк», «Ресей жинақ банкі» банктерімен жүргізілуде.

Аталған шаралар тіркеу мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқарта отырып және азаматтар үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігінің болмауымен құжаттарды қағаз түрінде талап етуді болдырмауға мүмкіндік берді.

Жобаны іске қосу сәтінен бері 21 кепіл шарт тіркелді.

_______________

2021 жылғы қаңтарда еліміздің барлық өңірлерінде пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына техникалық тексеру жүргізу қорытындысы бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын анықтау туралы электрондық техникалық паспорт және қорытынды беру іске қосылды.

Аталған шаралар тіркеу мерзімін 1 жұмыс күніне дейін қысқарта отырып және азаматтар үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігінің болмауымен құжаттарды қағаз түрінде талап етуді болдырмауға мүмкіндік берді.

Жоба іске қосылған сәттен бастап 8 мыңға жуық электрондық техникалық паспорт берілді.

___________

2021 жылғы маусымда жер телімін онлайн режимінде тіркеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Бұл шаралар құжаттар топтамасын қысқартуға мүмкіндік береді, тіркеуші орган, ЖАО және коммуналдық қызметтер арасында құжаттарды келісу процесін электрондық түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтар үшін ХҚО бару қажеттілігін болдырмайды.

Жоба іске қосылған сәттен бастап Алматы қаласында – 8, Нұр-сұлтан қаласында – 4 жер телімі тіркелді.

______________

2021 жылғы мамырда ақпараттандыру объектілеріне мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету мүмкіндігін іске асыру үшін «SmartBridge» платформасы арқылы «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар» МДҚ және «АХАЖ» АЖ-ға қолжетімділікті ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Бұл шаралар «электрондық үкімет» порталына балама ретінде, сондай-ақ мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін іске асырылды.

Пилоттық жоба аясында, екінші деңгейдегі банктер мен басқа ұйымдардың ақпараттандыру объектілерінің ҚР ӘМ мемлекеттік қызметтерін электронды түрде ұсынудың қосымша құралдарының тізбесін кеңейтуге мүмкіндіктері бар.