Ағымдағы жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Заң қылмыстық процестің жарыспалылығы мен ашықтығын күшейтуге, адвокат құзыретінің кеңейтілуіне, азаматтардың кәсіби заң көмегін алу құқықтарын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ адвокаттар және заң кеңесшілерінің өзін-өзі реттеуін дамытуға бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Парламент депутаттарымен бірлесе отырып, Заңның жеке нормаларын нақтылау жөнінде Конституциялық кеңестің ұсыныстарын қарау бойынша жұмыс атқарылатын болады.
Аталған жұмыстың шеңберінде барлық облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, заңгерлер қауымы өкілдерін барынша тарта отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарлануда.