Марат Бекетаев «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімімен азаматтарды қабылдады

Марат Бекетаев «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімімен азаматтарды қабылдады

Бүгін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімімен бірлесіп, азаматтарды онлайн қабылдады. Өңірлерден бейнеконференциялық байланыс арқылы 23 адам қатысты.

Өтініш білдірушілер алимент бойынша қарызды өңдіріп алу, сот орындаушыларының, адвокаттардың іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі, нотариустердің шешімдерін қайта қарастыру т.б. мәселелерімен келді.

Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, Министрліктің құзыретіне қарай түсіндірме жауаптар мен ұсынымдар берілді. Кейбір мәселелерді Департаменттердің басшылары қосымша қарастырып, жұмыс қорытындысы бойынша өтініш иелеріне толық жауап жолдайды.