2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 313 қаулыны қабылдады

2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 313 қаулыны қабылдады

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 313 қаулыны (бұдан әрі - Қаулы) қабылдады.

Қаулымен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің орталықтандырылған форматын (бұдан әрі – НҚА) енгізуді ескере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді жаңа редакцияда келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітіледі.

Осылайша, Әділет министрлігі орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының НҚА мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын болады.

НҚА мемлекеттік тіркеудің жаңа моделіне көшу құқық қолдану практикасын және өңірлік норма түзушілік саласындағы мәселелерді уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Қаулымен сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – ҚР НҚА ЕКБ) жүргізу қағидаларына нормалар редакцияларын жақсарту мақсатында бірқатар редакциялық-техникалық түзетулер енгізілді.

Қаулының толық мәтіні жалпы жұрттың назарына ҚР НҚА ЭББ жарияланды.

Қаулы ықшам және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің саясатына сәйкес келеді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы 2021 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді.