Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Қазақстандағы бизнес климатқа жағымды әсер тигізеді.

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Қазақстандағы бизнес климатқа жағымды әсер тигізеді.

Бұл туралы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған вебинарда Венециялық комиссиясының мүшесі, Грузияның Конституциялық сотының экс-төрағасы және экс-әділет министрі Джордж Папуашвили мәлімдеді.

«ӘРПК-ның новеллалары, мысалы, соттың белсенді рөлі және актіні қабылдаған органға дәлелдеу ауыртпалығын жүктеу принциптері, Қазақстандағы бизнестік және инвестициялық климатқа жағымды әсер тигізеді. . . ҚР ӘРПК азаматтар мен заңды тұлғалардың тиісті басқару құқығын жүзеге асырады. Тиімді басқарудың және әкімшілік органдардың әкімшілік функцияларды орындаудың мақсаты - қоғамның жалпы мүдделерін қолдау және құрметтеу және адам құқықтарын жүзеге асыру арқылы азаматтарға тиімді қызметтерді ұсыну.», - деп атап өтті халықаралық сарапшы Дж. Папуашвили.

Қазақстанның инвестициялық климатты жақсартудағы жетістігіне арналған осы вебинарда Әділет вице-министрі Наталья Пан халықаралық сарапшыларға жаңа Кодексті ұсынды.

«ӘРПК - бұл біздің құқықтық жүйеміз үшін жаңа құжат. . . Кодекс азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын белгілейді, сонымен қатар жоғары тұрған орган мен сот органдарының дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейді», - деді Әділет вице-министр.

Сонымен бірге, Наталья Пан Әділет министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірге Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы аясында көптеген жұмыстар атқарғанын, жетекші шетелдік консультанттар мемлекет үшін маңызды заңдар бойынша бірқатар ілеспе жұмыстарға қолдау көрсеткенін атап өтті.

Вебинарда келесі спикерлер сөз сөйледі, Валид Малик - Дүниежүзілік банктің мемлекеттік сектор жөніндегі бас маманы; Кенжегалиев Арман - ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры; Джордж Папуашвили - Халықаралық сарапшы, Венециялық комиссиясының мүшесі, Грузияның Конституциялық сотының экс-төрағасы және экс-әділет министрі; Ерлан Бузурбаев - Заң сарапшысы; Алмат Габбасов - GIZ құқықтық жобасының ұлттық координаторы.

5 мамырда басталған вебинарлар сериясы Қазақстандағы сот реформасының циклы және оның адамдар мен бизнеске бағытталған сот төрелігін қайта құру үшін институционалдық және нормативтік базаны нығайтуға арналғанын атап өту қажет.