2021 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министрі А.Е. Ахметова Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап мерзімді шолу шеңберіндегі БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсынымдарының іске асырылу барысын талқылау үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 40-тан астам өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты ұсынымдарын іске асыру барысы және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру, ұлттық құқық қорғау институттары, азаматтық қоғамның қызметі  және салауатты қоршаған орта туралы мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Бала құқықтары жөніндегі конвенцияның хабарлау рәсіміне қатысты факультативтік хаттамасын және мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылу мәселесі, сондай-ақ «Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» және «Қоғамдық қадағалау туралы» заң жобалары шеңберінде жүргізілген жұмыстар да атап өтілді.

Қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар әрі қарайғы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу жұмыс және сындарлы атмосферада өтті.

ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу Әділет министрлігінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Біз кездесудің барлық қатысушыларына ризашылығымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.