Марат Бекетаев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті

Марат Бекетаев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті

2021 жылғы 6 мамырда Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің басшысы Фолькер Фробартпен онлайн кездесуі өтті.

Делегация тарапынан сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисі басшысының орынбасары Д.Дигол, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің адами өлшемдер бөлімінің басшысы Б. Шарқанұлы қатысты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан: А. Ахметова – Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министрі, А.Ехласова – Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директоры және А. Кенжеғалиев – Заңнама департаменті директоры.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметінің бағыттары талқыланды.

Қатысушылар Әділет Министрлігі әзірлеген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс және адвокатура мен заң консультанттары институттарын жетілдіруді көздейтін заң жобасы туралы пікір алмасты.

Қатысушылар ынтымақтастықтың одан әрі шараларын талқылады, сондай-ақ бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.

Кездесу достық жағдайда өтті.