Заңгерлік көмегіне ақы төлеу туралы қаулыларға жүргізілген мониторинг аясында, адвокаттардың нақты жұмыс істеген уақытының сәйкессіздігі фактілері анықталды.
2016-2017жж. Алматы қаласы әділет департаменті адвокаттар алқасына 28 млн. теңгеден астам сомаға қаулыларды кері қайтарды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының адвокаттар алқасының үш адвокаты өз қорғауындағыларға іс жүзінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған кезде құқықтық көмек көрсеткендігі фактілері анықталды.
Әділет министрлігінің екі адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы талаптарын соттар қанағаттандырды.
Нәтижесінде, Алматы қаласының адвокаттары өздерінің кәсіби міндеттерін толықтай атқармауына байланысты, азаматтар тиісті деңгейде заң көмегін алу құқығынан айырылды.
Алматы қаласы адвокаттар алқасының төрағасы Кенжегали Карчегенов, жұмыстағы орын алған кемшіліктерге қарамастан, жаңа мерзімге қайта сайланған.
Әділет министрлігі Республикалық адвокаттар алқасының атына оның аумақтық адвокаттар алқасымен бірлесіп, бұзушылықтарды жою және шаралар қабылдау үшін тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі туралы, сондай-ақ адвокаттардың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауы туралы бірнеше рет хаттар жолдаған болатын.
Бүгінгі күнде, Республикалық адвокаттар алқасы ешқандай шара қолданған жоқ.
Жоғарыда айтылған фактілер, аумақтық адвокаттар алқасының да, Республикалық алқаның да жұмысты нашар ұйымдастырғандығын куәландырады.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru