Қазақстанның инвестициялық климатты жақсартудағы жетістігіне арналған вебинарлар сериясы басталды

Қазақстанның инвестициялық климатты жақсартудағы жетістігіне арналған вебинарлар сериясы басталды

Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп, Қазақстандағы сот реформасының циклы және оның адамдар мен бизнеске бағдарланған сот төрелігін қайта құру үшін институционалдық және нормативтік базаны нығайтуға ықпалы қаралатын апта сайынғы вебинарлар сериясын ұйымдастыруда.

2021 жылғы 5 мамырда Zoom платформасы арқылы "Қазақстанның бизнестік және инвестициялық климатты жақсартудағы тәжірибесі – Қолайлы  инвестициялық климат жасау үшін Қазақстанның сот циклының дамуына шолу" тақырыбында алғашқы вебинар сессиясы өтті.

Сонымен қатар, вебинарларда Дүниежүзілік банктің сот төрелігі секторын институционалдық нығайтуға арналған жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар және олардың іскерлік және инвестициялық климатқа әсері баяндалатын болады.

Өзінің кіріспе сөзінде, Әділет вице-министрі, Алмат Мадалиев, Қазақстан 2021 жылы өзінің тәуелсіздігігің 30 жылдығын, яғни қазіргі Қазақстанның дамуы үшін шешуші кезеңді атап өтетінін ескере отырып, бұл оқиғаның ерекше маңызды екенін атап өтті.

Вебинарда келесі баяндамашылар сөз сөйледі:

Валид Малик – Дүниежүзілік банктің мемлекеттік сектор жөніндегі бас маманы;

Ардақ Зебешев – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары;

Люк Макл –ЭЫДҰ саяси аналитигі;

Андрей Стойчу, PhD – Халықаралық мемлекеттік саясат жөніндегі сарапшы.

Баяндамашылар Әділет министрлігінің Қазақстандағы сот төрелігі секторын жетілдіру және реформалау бойынша атқарған орасан зор жұмысын атап өтті. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банк мемлекет пен қоғамдық процестердің дамуындағы оң үрдісті атап өтті, бұл жаһандық экономикалық және әлеуметтік рейтингтерде тұрақты өсуінен көрініс табады.

Осы топтама аясында, шетелдік және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен апта сайын өтетін тағы бес вебинар жоспарланған. Әрбір вебинар Әділет министрлігі мен Жоғарғы Сотпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк пен ЭЫДҰ-ның қолдауымен жүзеге асырылған сот төрелігі секторындағы реформалардың жеке тобына арналатын болады.

Вебинарлардың келесі сессиясы 2021 жылдың 12 мамырына жоспарланған.