Жеке сот орындаушысының қызметіне төлем сомасын қалай есептеу керек?

Жеке сот орындаушысының қызметіне төлем сомасын қалай есептеу керек?

Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің сайтында (https://aisoip.adilet.gov.kz) «ЖСО қызметтерін есептеу» деген жаңа функционал әзірленді. 

Егер Сізде атқарушылық құжат болса, Онда Сіз ЖСО қызметін онлайн оп-оңай есептеп ала аласыз. Ол үшін  Сізге төмендегі  іс-әрекетті жасау қажет.

  1. https://aisoip.adilet.gov.kz сілтемесі арқылы сайтқа өтесіз;
  2. «Азаматтарға арналған» бөлімін таңдайсыз;
  3. «ЖСО қызметтерін есептеу» функциясын басып, атқарушылық құжаттың түрін таңдайсыз:
  • мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар (жер учаскелерін шығару, қоныстандыру, алып қою; мүлікті жою, бұзу; баланы беру; жұмысқа қайта алу және т. б. туралы атқарушылық іс жүргізу жатады);
  • сомалар бойынша мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін (сараптама жүргізгені үшін мемлекеттің, азаматтардың, заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу; материалдық залал; соттың ұйғарымы бойынша өсімпұл, салық берешегі, байланыс қызметтері, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және т. б. жатады);
  • мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін (алименттерді өндіріп алу туралы және мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық іс жүргізулер жатады).
  1. «Есептеп шығару» батырмасын басасыз, жүйе ЖСО қызметіне төлем сомасын автоматты түрде есептейді.  

 

Ескертпе: ЖСО қызметіне ақы төлеу сомасы есептеудің ағымдағы жылына сәйкес келетін айлық есептік көрсеткішке сәйкес есептеледі.