Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлама

 

            Жарияланған күні: 25 ақпан 2021 жыл.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі  кандидаттардың резервтік тізіміне енгізу үшін   Қоғамдық кеңес  мүшесін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
            Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
            Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері,  азаматтар белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

            1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Құжаттар 2021 жылдың 12 наурызға дейін (қоса алғанда) мынадай мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі», Мәңгілік Ел даңғылы, 8, тел.:
8(7172)740768; 8-701-798-03-16. Электрондық адрес s.smagulova@adilet.gov.kz
            Анықтама үшін: Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда немесе өтінімдер көрсетілген мерзімі аяқталған жағдайда тапсырылса,  өтінімдер қараусыз қалады.

 

 

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне

                                                                                      ____________________________________

Кімнен (өтініш берушінің А.Ә.Т.,)

 

Өтініш

Мен, ___________________, ________ _____ жылы туған, жеке куәлік         № ________________________________., тіркелген (тұрғылықты жері) мекен-жайы:  _______________________________, Қоғамдық кеңес құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.

                "Қоғамдық кеңестер туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәкестікті растаймын.

Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді қоса ұсынамын.

     «____»__________20___ ж.          _______________                         _______________________

    (толтыру күні)                         (қолы)                                 (Т.А.Ә.)