Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында ұлттық брендингті ілгерілету мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында ұлттық брендингті ілгерілету мәселелерін талқылады

2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да (Қазпатент) «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша ҚР Парламенті жұмыс тобының тыс отырысы өтті.

Депутаттар, сарапшылар және басқа да мүдделі тараптардың кездесуінің негізгі тақырыбы азаматтық заңнамаға «Географиялық көрсеткіштер» атты  зияткерлік меншіктің жаңа объектісін енгізу болды.

Географиялық көрсеткіштердің құқықтық сипатының процедуралық аспектілері мен ерекшеліктерімен танысу үшін Жұмыс тобына өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғауды қамтамасыз ету бойынша Патенттік ведомство қызметі таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі А.Ахметова атап өтті: «Депутаттардың зияткерлік меншік объектілер тізімін кеңейту туралы бастамасы заманауи талаптарға сай келеді. Шетелдік мемлекеттердің үлгісінен көретініміз, географиялық көрсеткіштер жекелеген тауар шығарушылардың брендтерін ілгерілету тәсілі болып қана табылмай, елдің танымалдығын көтеруге және туризмді дамытуға оң әсер етеді».