Жамбыл облысы Әділет пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды

Жамбыл облысы Әділет пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды

2018 жылдың 10 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ (бұдан әрі ХҚКО) бірлесе азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір қызметтерін жедел түрде алу жөнінде пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды.

Тек, туу, қайтыс болу, сот шешімі негізінде некені бұзу мемлекеттік тіркеу түрлері ХҚКО-ның ғимаратында жүргізіледі. АХАТ және ХҚКО қызметкерлері бірлесе өтінімдерді өңдейді.

Енді, куәліктерді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұрын тууды тіркеу және сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу 2 жұмыс күн ішінде, ал қайтыс болуды тіркеу 1 жұмыс күн ішінде көрсетілетін.

Пилоттық жоба енгізілгенен бері 1008 куәлік берілген, оның ішінде 217 қайтыс болу туралы, 146 некені бұзу туралы, 645 туу туралы куәліктер берілген  оның ішінде 6 егіз тіркелген.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі