Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристина Хонеггер Золотухинмен кездесті

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристина Хонеггер Золотухинмен кездесті

Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев Әділет министрлігінің қызметі, құқықтық реформалар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерімен бөлісті.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелерді талқылап, құқықтық саладағы Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын одан әрі дамытудың бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар өткен пікір алмасу үшін алғыстарын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.