Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды

ДЗМҰ-ның 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-орынға ие болып, Орталық Азия елдері арасында көш бастады.
Бір жыл ішінде Қазақстан бірден 8 сатыға көтерілді. ДЗМҰ еліміздің ілгерілеуін Орталық және Оңтүстік Азия өңіріндегі ең елеулі өсім ретінде атап өтті.
Қазақстанның рейтингтегі позициясының нығаюы инновациялық көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүруде. Елдің мықты тұстарының қатарында жоғары технологиялық сектордың дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі және зияткерлік меншік саласындағы белсенділік бар. Экономика көлеміне шаққандағы пайдалы модельдерге берілген өтінімдер саны бойынша Қазақстан әлемде 7-орынға ие.
Өңірлік көшбасшылық Қазақстанның инновациялық экожүйесінің жүйелі дамуын көрсетіп, ғылым, технологиялық кәсіпкерлік, өнертапқыштық және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.