
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Б.Ш. Жакселекова, Жоғарғы және Конституциялық соттардың, мемлекеттік органдардың, шетелдік жоғары соттардың, сондай-ақ нотариаттық және адвокаттық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында электрондық дәлелдемелерді куәландыру және оларды кейіннен сотта бағалаудың өзекті мәселелері, оның ішінде нотариустардың дәлелдемелерді қамтамасыз ету ерекшеліктері талқыланды.
Электрондық дәлелдемелерді тіркеу және куәландырудың құқықтық тетіктерін дамытуға, сот істерін қарау кезінде олардың дұрыстығы мен жол берілетіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот, нотариат және құқық қолдану практикасының өзге де қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша электрондық дәлелдемелерді сот процесінде пайдалануға қатысты халықаралық тәжірибе мен практикалық тәсілдер бойынша пікір алмасу өтті.