
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры Е.Ж. Мұсабаев Қазақстан заң форумына қатысты. Ерлан Жанәділұлы «Қазақстандағы дауларды шешу саласындағы соңғы жаңалықтар мен үрдістер» атты панельдік сессияда сөз сөйледі.
Форум аясында Әділет министрлігінің өкілі Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде білдіру жөніндегі Министрліктің жұмысы туралы айтып, осы саладағы қызметін егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар, Әділет министрлігі Қазақстандағы төрелік саласындағы проблемалық мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті түзетулер енгізу ұсынылды.