
Астана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) тағайындаған ДЗМҰ-ның Инновациялар қаласы – 2026» халықаралық сыйлығының 15 финалисті қатарына енді.
Премия инновациялық және креативті экожүйені дамытып отырған қалаларды қолдауға бағытталған. Іріктеуді халықаралық тәуелсіз қазылар алқасы қалалар ұсынған бастамалар мен оларды іске асыру жоспарлары негізінде жүргізді.
Конкурсқа әлемнің әртүрлі елдерінен түрлі ауқымдағы қалалар өтінім берді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Астанамен қатар финалистер қатарына Бельгия, Қытай, Үндістан, Иордания, Марокко, Филиппин, Португалия, Ресей Федерациясы, Таиланд және Ұлыбритания қалалары енді.
Жеңімпаздар 2026 жылғы 12 қазанда Женева қаласындағы ДЗМҰштаб-пәтерінде өтетін салтанатты рәсімде жарияланады. Іс-шара БҰҰ-ның мэрлер форумының алтыншы отырысы аясында өтеді.
Дереккөз: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) ресми сайты https://www.wipo.int/ru/web/awards/city-of-innovation