ҚР Әділет министрлігі телеарналар мен радиостанциялардың өкілдерімен бірлесіп авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді

ҚР Әділет министрлігі телеарналар мен радиостанциялардың өкілдерімен бірлесіп авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді

Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ оларды практикалық қолдану мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаның (БЦП) таныстырылымы өтіп, онда платформаның негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнаманы қолдану және авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша тараптар пікір алмасты.