Әділет министрлігінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке шықты

Әділет министрлігінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Әділет министрлігінің Орталық аппараты мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақтарды абаттандыруға, тазалық жұмыстарын жүргізуге және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – баршамызға ортақ міндет!