Әділет министрлігінде Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (ДЗМҰ) өткен Қазақстанның алғашқы елдік көрмесінің қорытындысы шығарылды

Әділет министрлігінде Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (ДЗМҰ) өткен Қазақстанның алғашқы елдік көрмесінің қорытындысы шығарылды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншікті, мәдениетті, дәстүрлерді және Қазақстанның заманауи шығармашылық индустриясын тоғыстырған жобаның тарихи маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның ДСҰ және Женевадағы халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев мұндай бастамалардың халықаралық диалогты және Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайтудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.
Көрме мемлекеттік органдардың, шығармашылық қауымдастық пен отандық бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі болып, ұлттық мәдени және шығармашылық әлеуетті халықаралық деңгейде ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Сонымен қатар көрмедегі серіктестер мен бірлескен ұйымдастырушылар кәсібилігі, бастамашылдығы және жобаны іске асыруға қосқан үлестері үшін Әділет министрінің грамоталарымен марапатталды.
Жобаға демеушілік көрсеткен
kaspi.kz пен Еуразиялық патенттік ұйымның, қазақстандық экспозицияны құрып, қазақстандық суретшілердің туындыларын «тірі туындылар» жаңашыл форматында ұсынған Onergy Hub-тың, ұлттық тағамдарды таныстырған «Дайдидау» мейрамханасының, Қазақстанның музыкалық мұрасын жарқын түрде таныстырған «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің, сондай-ақ көрменің басқа да қатысушыларының үлестері ерекше атап өтілді.