
Іс-шара барысында Жанар Жігітекова институттың негізгі қызмет нәтижелерін таныстырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру, нормашығармашылықты ғылыми сүйемелдеу, құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға құқықтық кеңес беру бағыттарында жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар заң жобаларына ғылыми, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және лингвистикалық сараптамалар жүргізіліп, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа редакциялары әзірленуде.
Азаматтарға заңнамаға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Әділет-2.0» жүйесінің жаңартылған нұсқасы іске қосылды. Институт халыққа телефон, мессенджерлер және Telegram-боттар арқылы тегін құқықтық көмек көрсетеді.
Институт құқықтық жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету және заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.