«Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасы Зияткерлік меншік министрлігі арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

«Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасы Зияткерлік меншік министрлігі  арасында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

2026 жылғы 14–16 қыркүйек аралығында Сеул қаласында өткен «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан Меморандумға Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Исенали Асет Жеңісұлы қол қойды.

Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат ақпарат пен тәжірибе алмасуды, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруді, сондай-ақ осы саладағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруды көздейді.

Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және озық тәжірибелермен алмасу мен заманауи тәсілдерді енгізу үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.

Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.