
ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының ұйымдастыруымен сот-сараптама қызметінің 75 жылдығына арналған «Сот сараптамасы сот төрелігі жүйесінде: сын-қатерлер мен перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, сот-сараптама мекемелерінің басшылары мен мамандары, ғалымдар, шетелдік сарапшылар және халықаралық кәсіби ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция барысында сот сараптамасын дамытудың заманауи бағыттары, цифрлық активтер мен криптовалюталарға сараптама жүргізу, жасанды интеллектті қолдану, сот-медициналық және есірткі құралдарына қатысты сараптамалар, сондай-ақ заманауи криминалистикалық технологиялар талқыланды.
Іс-шара аясында шетелдік әріптестермен бірқатар келісімдерге қол қойылды.