Павлодар облысында Алиментті қасақана төлемегендер сот төрелігінен жасырана алмады

Павлодар облысында Алиментті қасақана төлемегендер сот төрелігінен жасырана алмады

Павлодар облысының жеке сот орындаушысы М.Т. Қаракесековтың шығарған қаулысы негізінде Р., Б. және Л. азаматтары өз балаларын асырау жөніндегі міндеттерін «ұмытып кеткендеріне» байланысты іздеуде болды.

Әділет департаменті әзірлеген Павлодар облысының полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен өзара іс-қимыл Алгоритмі шеңберінде немқұрайды әкелер Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларына сәйкес борышкер Б. екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, Л. мен Р. борышкерлеріне 5 және 3,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, аталған борышкерлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.