
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев №130 сайлау учаскесінде жаңадан құрылатын бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысып, дауыс берді.
Министр сайлаудың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтіп, әр азаматтың өз таңдауын жасап, елдің болашағын айқындауға үлес қосуы маңызды екенін айтты.