2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби бастаған ресми делегациямен кездесу өткізді

2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби бастаған ресми делегациямен кездесу өткізді

Кездесу барысында Ерлан Сарсембаев өзара құрметке, сенімге және халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысқа негізделген қазақстан-марокко ынтымақтастығының жүйелі дамуын атап өтті.
Министр делегацияны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі новеллаларымен таныстырды, Әділет министрлігінің қызметінің негізгі бағыттарымен, елде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалармен, әділет жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерімен, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жетістіктермен таныстырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сарсембаев пен Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Келісімге, сондай-ақ екі елдің министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.