«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті»

«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті»

Ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндамашы–Мәдениет және спорт министрлігінің Вице-министрі Кожағапанов Е.Т.);

2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (баяндамашы–Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сүлейменов Ж.Қ.) қарастыру көзделген.

 

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

 

pressgov@mail.ru

Тел: 74-06-01,  74-06-02