Пресс-релиз

Пресс-релиз

2020 жылғы 20 қарашада мемлекеттік органдар, корпоративтік сектор және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының корпоративтік заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар бойынша жария талқылау өтті.

Кездесу барысында халықаралық консультанттың ұлттық сарапшысы, профессор, з.ғ.д. Фархад Карагусов корпоративтік үлгідегі коммерциялық ұйымдар туралы қазақстандық заңнаманы жетілдірудің аса маңызды аспектілерін таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар аталған ұсыныстарды талқылады. Қатысушылар Әділет министрлігінің жүргізіліп жатқан жұмысты талқылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша тәжірибесін қолдады.

Таныстырылған ұсынымдар Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде әзірленгенін атап өтеміз.