Әділет министрлігінде Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Әділет министрлігінде Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамед Саид Альарикимен, Абу-Даби Сот департаменті басшысының орынбасары Юсеф Аль Абримен, Абу-Даби Бас прокуроры Али Аль Блошимен және Біріккен Араб Әмірліктері Сот әкімшілігінің делегациясымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ботагөз Жақселекова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, қатысушыларды жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, сондай-ақ мәжбүрлеп орындату және сот-сараптама қызметін ұйымдастыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогтің нәтижелі сипатын атап өтіп, сындарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді және бір-біріне алдағы жұмыстарына табыс тіледі.