
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді
реттеу комитетінің (АХҚО) өкілдерімен Әділет министрлігінде жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту саласындағы алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, АХҚО қатысушыларына қатысты «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының функционалын жетілдіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды, сондай-ақ АХҚО-ның қаржылық емес компанияларына мониторинг жүргізу, АХҚО қатысушыларының адалдық критерийлері және компаниялардың АХҚО юрисдикциясынан ұлттық юрисдикцияға ауысуы мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық сервистерді жетілдіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында алдағы уақыттағы өзара іс-қимылға дайындық расталды.