
Жоба қазақстандық AI-стартаптарды дамытуға, олардың зияткерлік меншікті басқару, технологияларды коммерцияландыру және инновациялық әзірлемелерді халықаралық нарықтарға ілгерілету саласындағы құзыреттерін арттыруға бағытталған. Жобаны іске қосу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Әділет вице-министрі Ботагоз Жақселекова зияткерлік меншік инновациялық экономиканы және жасанды интеллектіні дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға, зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғауға және инновацияларды қолдауға арналған құқықтық негізді дәйекті түрде жетілдіріп келе жатқанын атап өтті. ДЗМҰ жоба тұжырымдамасын, оны іске асыру кезеңдерін, сондай-ақ жасанды интеллект пен зияткерлік меншік саласындағы құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін таныстырды. Жеке сессия Қазақстандағы AI-стартаптар экожүйесін дамыту мәселелеріне арналды. Отандық Al-Sana, Artisan Education, Murai Tech және Arlan Biotech технологиялық компанияларының өкілдері өз жобаларын таныстырып, білім беру, спорт және биотехнология салаларында жасанды интеллектіні қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісті. Жобаны іске асыру қазақстандық стартаптарға зияткерлік меншікті басқару, патенттік ақпаратты пайдалану және инновацияларды коммерцияландыру салаларында практикалық білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама ұлттық инновациялық экожүйенің одан әрі дамуына ықпал ететін болады.