
Ерлан Сарсембаев ҚР Әділет министрлігінің қызметі туралы баяндап, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.
Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ екі елдің министрліктері арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жобасы бойынша ұсыныстармен алмасты.
Аталған меморандум құқықтық мәселелер мен заңнама саласында, адвокаттық және нотариаттық қызметте, сот-сараптамалық қызмет және цифрландыру бағыттарында тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар меморандум жобасына келесі кездесу аясында қол қоюға уағдаласты, сындарлы диалог үшін өзара ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.