
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі ережелері талқыланды.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасап, 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда азаматтар қолдаған жаңа Конституция адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығына, заң үстемдігі қағидатына және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға негізделген мемлекеттік құрылыстың жаңартылған моделін қалыптастырғанын атап өтті.
Министр конституциялық реформаның қолданыстағы заңнаманы кешенді жаңартуға және жаңа конституциялық құндылықтар мен қағидаттарға негізделген Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдауға бағытталғанын айтты. Оның айтуынша, бұл құжат ұлттық құқықтық жүйені одан әрі дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайды.
Сондай-ақ отырыс барысында конституциялық жаңашылдықтар, заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру мәселелері, сондай-ақ конституциялық реформаны іске асырудың алдағы кезеңдері талқыланды.