
2026 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанның Олимпиада чемпионы Александр Винокуровпен кездесу өткізді.
Кездесу ағымдағы жылдың шілде айында Швейцарияда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер ассамблеяларының 67-сериясы шеңберінде өтетін іс-шаралар қарсаңында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тараптар алғаш рет 2026 жылғы жаңа Конституцияда құқықтық мәртебеге ие болған зияткерлік меншіктің рөлін талқылады. Осы тұрғыда оның заманауи спортты дамытудағы маңызы, сондай-ақ спорт индустриясына қатысты спорттық брендтерді, инновацияларды және зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғаудың өзектілігі атап өтілді.
Биыл ДЗМҰ «Зияткерлік меншік және спорт» тақырыбын халықаралық күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындады. Осыған байланысты танымал спортшылардың зияткерлік еңбек нәтижелеріне құрмет мәдениетін қалыптастыруға және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға қосатын үлесінің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев Александр Винокуровқа отандық спортты дамытуға және Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Александр Винокуровтың есімі мен оның қатысуымен жүзеге асырылып жатқан спорттық жобалар спорттық жетістіктердің орнықты мұра қалыптастырып, ұлттық брендтердің халықаралық деңгейде ілгерілеуіне ықпал ететінінің жарқын үлгісі екені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар зияткерлік меншікті дәріптеу және шығармашылық пен зияткерлік еңбекке құрмет құндылықтары.