2026 жылғы 16 маусымда Жетісу облысының Кербұлақ аудандық соты жеке сот орындаушысы А.М.Байчепанов жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады

2026 жылғы 16 маусымда Жетісу облысының Кербұлақ аудандық соты жеке сот орындаушысы А.М.Байчепанов  жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады

Жеке сот орындаушы А.М. Байчепанов Алматы облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы болып табылады.
Сот барысында жеке сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағанын, сондай-ақ сот актілері мен өзге де атқарушылық құжаттардың міндетті әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған атқарушылық іс жүргізудің міндеттерін бұзғанын көрсететін заңбұзушылықтар анықталды.
Осы мән-жайларды ескере отырып, сот Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жеке сот орындаушы А.М.Байчепановты лицензиясынан айыру туралы талап арызын қанағаттандыру қажет деген қорытындыға келді.
Аталған сот шешімі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде заңды күшіне енеді.