
2026 жылғы 19 маусымда Ақтөбе қаласының соты жеке сот орындаушысы, Ақтөбе облысының Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы М.К. Ниязбаевқа қатысты шешім шығарды.
Сот талқылауы барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң талаптарының бірнеше рет бұзылғаны анықталды.
Анықталған бұзушылықтар борышкерлердің елден шығуына уақытша шектеу қою, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану, атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін сақтау және өзге де мәселелерге қатысты болды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы негізінде сот М.К. Ниязбаевты жеке сот орындаушысы лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.