Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісімен бірінші оқылымда нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша Заң жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісімен  бірінші оқылымда нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша Заң жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда қарастырылды.

Заң жобасының негізгі ережелері бойынша Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады

Әзірленген заң жобасы шеңберінде «Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын» енгізу ұсынылатынын Марат Бекетаев өзінің баяндамасында атап өтті. Бұл жаңашылдық халық үшін де, бизнес үшін де тиімді. Ол бәсекеге қабілетті және тартымды құқықтық ортаны қалыптастыру кезінде маңызды өлшем болып табылатын нақты және сапалы заңдар алуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, заң жобасы ғылыми-құқықтық сараптаманы, құқықтық мониторингті жетілдіру, заңнамалық деңгейде «өтпелі кезең» тәжірибесін белгілеу және т.б. тетіктерді көздейді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын депутаттар талқылағаннан кейін мақұлдады.