ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті

Кездесуде Сот сараптамалары орталығы мен оның 20 аумақтық филиалының 2023–2025 жылдардағы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Талдау Агенттік пен Әділет министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде, 2026 жылғы ақпан–мамыр айларында жүргізілген болатын.
Нәтижесінде шамамен 70 тәуекел анықталып, 55 ұсыным әзірленіп, олардың бір бөлігі талдау барысында іске асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ғылыми-әдістемелік кеңестің қызметін және валидация жүргізу тәртібін регламенттеу, сондай-ақ «Е-сараптама» ақпараттық жүйесінде процестерді автоматтандыру жөнінде шешімдер қабылданды.
Тараптар сот-сараптамалық саладағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.