
2026 жылғы 10 маусымда Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.
Тестілеуге Министрліктің 55 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды.