
Анықтама үшін: Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік орган болып табылады. Ведомство зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін әзірлеуге және енгізуге қатысады, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға және зияткерлік еңбек нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдеседі.
Кездесуге корей тарапынан Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігінің Зияткерлік меншік дауларын шешу бюросының Тауар белгілері жөніндегі дауларды шешу бөлімінің директоры Чон Ильнам мырза, сондай-ақ аталған бөлімшенің директор орынбасары Ким Джэён мырза қатысты.
Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде институционалдық өзара іс-қимылды дамыту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Кездесуге қатысушылар ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, мамандардың біліктілігін арттыруға және зияткерлік меншік саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталған семинарлар, оқыту бағдарламалары мен сараптамалық консультациялар сияқты бірлескен іс-шаралардың нәтижелеріне оң баға берді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, сараптамалық тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруді қоса алғанда, болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған жаңа бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және алдағы Меморандумға қол қою екіжақты байланыстарды нығайтуда әрі зияткерлік меншік саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруда маңызды қадам болатынына сенім білдірді.