
Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және құқық иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.
Аталған семинарға
Мемлекеттік кірістер органдары мен әділет департаменттерінен 30 дан астам маман қатысты.
Шараға қатысушылар қарқынды оқытумен қатар тәжірибе алмасып, контрафактілік өнімдерге қарсы іс-қимыл бойынша практикалық кейстер мен нақты мысалдарды талқылады.
Семинар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылауға және практикалық тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң болды.