Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау жүргізді

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау жүргізді

Кездесуге Астана және Алматы қаласының тұрғындары өздерінің бірқатар құқықтық мәселелерімен келді.
Қабылдау барысында азаматтар Мәжбүрлеп орындау комитетіне түскен өтініштің берген жауабымен келіспеуі және Астана қаласының жеке сот орындаушысының іс әрекетіне қатысты сұрақтар көтерді.
Қабылдауға Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен аумақтық әділет департамент басшылары қатысты.
Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтардың сұрақтары мен өтініштері бойынша Бекболат Молдабеков тиісті түсініктемелер берді.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бақылауға алынды.