Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық патенттік ведомствоның Президенті Григорий Ивлиевпен кездесті

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық патенттік ведомствоның Президенті Григорий Ивлиевпен кездесті

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік меншік саласындағы еуразиялық ынтымақтастықты дамытудың, патенттік рәсімдерді цифрландырудың және патенттік ведомстволар қызметіне заманауи технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформаны атап өтті, оның аясында зияткерлік меншік мәселелері алғаш рет конституциялық деңгейде маңызды құқықтық құндылық ретінде бекітілді. Аталған өзгерістер ұлттық зияткерлік меншік жүйесін одан әрі жетілдіру және инновациялық экономиканы дамыту үшін қосымша негіз қалыптастыратыны атап өтілді.

Ведомстволар арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға, патенттік сараптамада жасанды интеллект технологияларын қолдануға, сондай-ақ өтініш берушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге және сараптама қызметінің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

Қазақстандық тарап цифрлық сервистерді дамытуды, заңнаманы жетілдіруді және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда, ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жаңғырту жөніндегі дәйекті жұмысты атап өтті. Зияткерлік меншікті қорғау заманауи инновациялық экономика мен орнықты технологиялық дамуды қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

 Тараптар сондай-ақ патенттеу саласындағы еуразиялық тетіктерді одан әрі жетілдіру, ұлттық ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ цифрландыру және мамандарды кәсіптік оқыту саласындағы бірлескен бағдарламаларды дайындау мәселелері бойынша пікір алмасты.

 Кездесу қорытындысы бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға иәне еуразиялық кеңістік шеңберінде бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.