ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Беларусь Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары Наталья Филипповамен кездесті

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Беларусь Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары Наталья Филипповамен кездесті

Кездесу барысында Ботагөз Жақселекова ҚР Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогтың нәтижелі сипатын атап өтіп, сындарлы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.