ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастыруымен «Адам, қоғам, мемлекет: Қазақстандағы конституциялық теңгерімнің жаңа моделі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті

Іс-шара барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы құқықтық теңгерімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер-ғалымдар, сарапшылар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Нәтижесінде заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.