
Кездесу барысында Вице-министр елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, сондай-ақ алдыңғы жылы БҰҰ алаңында өткен Әмбебап кезеңдік шолу және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт шеңберіндегі Ұлттық баяндамаларды таныстыру қорытындылары бойынша алынған ұсынымдарды іске асыру жоспарларын ұсынды.
Тараптар адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізу туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогтың нәтижелі сипатын атап өтіп, сындарлы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.