
Министрге Астана және Тараз қалаларының азаматтары бірқатар мәселелерімен жүгінді.
Атап айтқанда олар нотариаттық палата және тіркеу қызметі, сот орындаушылары мен жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Өз кезегінде Ерлан Сәрсембаев өтініш берушілерге шағымдарын тыңдап, заңнама бойынша тиісті түсініктемелер берді. Сонымен қатар құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды.