
Бақытжан Байтілесов Қазақстандағы сот-сараптамалық қызметтің даму бағыттарына сараптамалық зерттеулердің тиімділігін, объективтілігін және ғылыми негізділігін арттыруға бағытталған негізгі жетістіктер, жаңа әдістемелер мен перспективалық жобаларына тоқталды.
Сондай-ақ бүгінде сот сараптамасы заманауи технологияларды, цифрлық құралдарды және автоматтандырылған жүйелерді енгізу арқылы қарқынды дамып келетінін атап өтті.
Сонымен қатар брифингте 2026–2027 жылдарға арналған сот-сараптамалық қызметті дамыту Жол картасы таныстырылды.
Ол заңнаманы жетілдіруді, әдістемелерді дамыту мен цифрландыруды, сондай-ақ сот сараптамасының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды көздейді.
Брифинг соңында Бақытжан Байтілесов сот сараптамаларына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.