
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың қатысуымен өткен қоғамдық кеңеске Қазақстан заңгерлер одағының, Халықаралық заңгерлер қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ адвокатура, нотариат және өзге де құқықтық институттар мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысты.
Отырыс басында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қоғамдық кеңес мүшелеріне жаңа Конституциясының мән-мағынасы және оны халық арасында насихаттау бойынша Үкімет пен мемлекеттік органдар тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын кеңінен түсіндіріп өтті.
Қоғамдық кеңестің отырысында екі мәселе қаралды.
Олар:
1. «ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы РМҚК-ның 2025 жылғы қызметінің қорытындылары туралы».
2. «Атқарушылық жазбаны жетілдіру: тәжірибені талдау және өзекті мәселелер» талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қоғамдық кеңес төрағасы мен комиссия мүшелеріне заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.